Механика кафедрасының оқытушылары Бельгияда, Thomas More университетінде, біліктілікті арттыру мақсатында курс өтті

Механико-математикалық факультетінің механика кафедрасының оқытушылары - Мухамедгали А., Досжан Н., Лязат Ж., 21-29 қаңтар аралығында Бельгияда, Thomas More университетінде, Campus De Nayer-де біліктілікті арттыру мақсатында курс өтті,  сондай-ақ спутникті және ғарыштық технологияларды игеру бойынша QinetiQ компаниясында болды. Курс өз бағыттарымен қатар, C, VHDL арналған FPGA, сигналдарды цифрлық өңдеу, Raspberry Pi автоматтандырылған жүйелері және электронды дизайн және ғарыш жүйелерін жинау сияқты бағыттарды қамтыды. Біліктілікті арттыру механика кафедрасында жүзеге асатын халықаралық жоба - “APPLE – Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems” ERASMUS+ бағдарламасы аясында өтті. Ендігі кезекте сертификатталған оқытушылар «Ғарыштық техника және технология» мамандығының студенттері үшін тиісті сабақтар өткізеді.

Басылым күні :  22.05.2018