Кіші Фараби академиясы. Al-Farabi university smart city

Әл-Фараби кітапханасының Ғалымдар клубында II Халықаралық Фараби оқулары аясында философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының «Кіші Фараби академиясында» «Al-Farabi university Smart city – инновациялық университеттің моделі» атты пікірталас өтті.

Пікірталасқа «Кіші Фараби академиясының», «Алтын сапа» пікірсайыс клубының мүшелері, философия кафедрасының магистранттары және халықаралық қатынастар, журналистика, филология және әлем тілдері факультетінің студенттері және «Тұран» университетінің студенттері де белсене қатысты.

Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Нұрышева жалпы білім беру, оның ішінде университеттік білім берудің тарихына терең тоқталып, «Al-Farabi university Smart city» жобасының өзіндік төлтумалылығын негіздеп берді.

Пікірсайыс қызықты да, өте тартысты өтті. «Кіші Фараби академиясының» жетекшілері доценттер Лесхан Асқар және Сүлейменов Пірімбек пікірталасты қорытындылап, белсенді қатысушыларға сертификат және сыйлықтар тапсырды.

Басылым күні :  15.04.2015