Философия, саясаттану және дінтану Институтындағы кездесу

www.kaznu.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының шақырылған профессоры, Таллинн техникалық университетінің профессоры Peeter Muursepp ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институтында болды. Институт Директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор А.Қ.Бижанов қонағына Институт қызметі, гранттық жобалар аясында Қытай, финляндия, Польша, Беларусь ғалымдарымен бірлесе отырып жүргізіліп жатқан ғылыми ізденістер туралы  баяндады. Семиотика саласындағы ізденістерімен әйгілі Эстония философиясы жайында профессор Peeter Muurseppтің хабарламасы да өте қызықты болды. Кездесу мазмұнды және нәтижелі өтті.  

Басылым күні :  13.02.2019