Сидней Олимпиадасының чемпионымен кездесу

 Философия Кафедрасының Кіші Фараби академиясы және "Философия" мамандығының 4 курс студенттері Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың әйгілі азаматы Ермахан Ибраимовпен тағылымды, жастарға берері мол кездесу өткізді. Әңгімесін Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының аясында өрбіткен қонағымыз жастардың сұрақтарына жауап бере отырып, өмірлік мақсатты таңдау, оған жету жолында талмай еңбектену, салауатты өмір салтын ұстану, адами құндылықтарға ұмтылу және тағы басқа мәселелер туралы ойларымен бөлісті. Ойы терең, тілі шешен, уақытының тығыздығына қарамастан, жастармен жүздескен Ермахан Ибраимовқа алғысымызды жеткізіп, философиялық кітаптар сыйладық. Өрлей беріңіз, қазақтың батыр азаматы!

Басылым күні :  20.02.2018