Философия кафедрасының жаңа оқу құралы

2017 жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін, Философия және саясаттану факультеті мен Философия кафедрасы үшін өте табысты, жақсы жыл болды және қуанышты хабарлар жылдың соңғы күндеріне дейін жалғасып жатыр. Бүгін "Қазақ университеті" баспасынан "Философиялық антропология" оқу құралы жарыққа шықты, яғни "5В020100 Философия" мамандығының тағы бір міндетті пәні қазақ тіліндегі оқу құралымен қамтамасыз етілді. Біртіндеп барлық пәндеріміз бойынша оқулықтар жазып шықсақ, үлкен іс болар еді. Қазақша кітаптар қазақ баласының болашағы үшін аса қажет! Жаңа 2018 жылымыз да осындай сәтті болсын!

Басылым күні :  02.02.2018