Номадтанушы ғалыммен кездесу

2017 жылдың 3 қарашасында ҚазҰУ Философия кафедрасы Кіші Фараби академиясының мүшелері философия ғылымдарының кандидаты Н.Әмреқұловпен кездесіп, оның "Көшпелілер философиясы" дәрісін тыңдады. Жиынға кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары ғана емес, профессорлар С.Еділбаева, Л.Асқар, П.Сүлейменов, Қ.Нұрғалиев, Ш.Әлиев қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Басылым күні :  29.11.2017