Smart Cinema: Экология - мәдениет -әдебиет

18 мамырда "Цезарь" кинотеатрында Smart Cinema бағдарламасының сегізінші осы жылдың қорытынды шарасы өтті. (Алматы Халықаралық мектебі, "Мирас" мектебі, №1 гимназия, ҚазҰУ философия кафедрасы). Ол   "Экология - мәдениет - әдебиет" тақырыбына арналды. Оқушыларға "Теңіз жүрегінде" фильмі көрсетілді. Әдебиет пәнінің оқытушысы Л.Титова бұл тақырыптың пән бағдарламасымен байланысы туралы баяндап, "Моби Дик" романының эпикалық мазмұнына назар аударды. Кафедра доценті О.М.Борецкий өткізген талқылауда оқушылар мен оқытушылар адамның табиғатты бағындыруға ұмтылысы және оның адамнан өз өшін алатындығы туралы айтты. Экологиялық білімнің маңыздылығы туралы да әңгіме қозғалды.

Басылым күні :  29.05.2017