Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған көрмемен танысу

 

"Философия" кафедраысының студенттері мен оқытушылары талантты суретші Шаймардан Сариевтің көркемсурет көрмесінің ашылуына қатысып, оның туындыларымен танысты. Көркемсурет шеберінің ұлттық бояу мен сурет өнерінің Батыс және Шығыс дәстүрлері тоғысқан шығармаларынан зор әсер алдық. Ә.Қастеев атындағы музейде осындай көрмелерді ұйымдастырушы,  музей Басшысы, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.К.Шалабаеваға үлкен рахмет!

Басылым күні :  12.05.2017