"Айналаңды нұрландыр!". Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні

Желтоқсанның 1-і  күні  «Айналаңды нұрландыр!» жобасы  аясында кафедра меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева және ассистент Жалмағамбетова С.  №9 жатақханада "Философия" мамандығының 3- курс студенттерімен    «Қазақстан Республикасының Тұнғыш призидент күні- бүкіл еуразиялық қауымдастық үшін мереке» атты тақырыпта   талқылау өтті. Талқылау барысында студенттер Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанды, халқын сүю, ержүректілік, азаматтық, ұлттық патриоттық сезімдерін кеңейте түскендігі байқалды. Олар талқылауға белсенді қатысып, ойларын ашық білдіріп отырды.


 

Басылым күні :  02.12.2016