Smart-Cinema

24 қараша күні  Smart Cinemа клубының үшінші жиыны өтті (Алматы халықаралық мектебі, "Мирас" мектебі, гимназия №1). Ол "Өткенннің және бүгіннің батырлары" тақырыбына арналды. Оқушыларға  гвардияшылар-панфиловшылардың ерлігін баяндайтын "28 панфиловшылар", 2016 ж. (Ресей-Қазақстан) фильмі көрсетілді. Киноклубты жүргізуші, философия кафедрасының доценті О.М.Борецкий өзінің кіріспе сөзінде "миф" және "тарихи шындық" ұғымдарын ашты. Фильмнен соң болған шағын талқылауда балалар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, қазіргі заманғы құндылықтар мен бұрының құндылықтарды салыстырды,  патриотизм, героизм және бірлік туралы пікір таластырды. Фильмнің премьерасына ҚазҰУ философия және биология факультеттерінің студенттері қатысты.

Басылым күні :  25.11.2016