Философия Күні құтты болсын!

"Философия" мамандығының студенттері, магистранттары мен докторанттары Философия күніне арналған дәстүрлі "Философия - таңдау және мамандық" ғылыми конференциясын өткізді. Оларды Философия күнімен философия және саясаттану факультетінің деканы А.Р.Масалимова, философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра профессоры М.Ш.Хасанов құттықтады. Кафедра доценті Г.З.Әбдірасылова өте қызықты дәріс оқыды. Қазіргі заманғы философияның өзекті мәселелеріне арналған баяндамаларын талқылаудан соң жас философтар пікір алмасуларын шай іше отырып жалғастырды.

Философия күні құтты болсын, құрметті әріптестер!

Басылым күні :  17.11.2016