Айналаңды нұрландыр! Қарттарға қамқорлық

21 қазан 2014 жылы сағат 11-00 де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бастан кешкен, көз көрген» атты тақырыпта қарттар күніне байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының оқытушылары Әмірқұлова Ж.А., Рамазанова А.Х., Ж.Қазиеваның, кафедра магистранттары мен журналистика факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Ардагерлер үйінде мерекелік іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараны өткізу мақсаты: ардагерлерімізді ардақтау, жастарды үлкенді құрметтеуге және де әрдайым оларға көмек көрсетуге үндеу. Шара барысында студенттеріміз қарттарға ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін көрсетіп, көңілдерін көтерді. Мерекелік іс шараның соңында апаларымыз бен аталарымыз өз ризашылықтарын айтып, баталарын берді.

Басылым күні :  04.03.2015