М.Әуезов мұражайына экскурсия.

"Философия" кафедрасының студенттері «100 кітап» жобасы аясында философия кафедрасының студенттері қазақтың атақты жазушысы М.Әуезовтің мұражай-үйінде экскурсияда болды. Экскурсия барысында студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты ақпараттар алып, «Абай жолы» роман-эпопеясын талқылады. Жастарға ерекше әсер қалдырған жазушының жұмыс кабинеті мен бай кітапханасы және М. Әуезовтың өз қолымен отырғызған бағы, ондағы жеміс ағаштары болды. Іс-шара философия кафедрасының оқытушылары Ж.Дағжан, Т.А.Барақбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Басылым күні :  04.03.2015