Cалауатты өмір салты. «Масайтатын ішімдіктерді, есірткіні қолданудың зиянды салдары және оны болдырмау шаралары»

  2016 жылдың 27 сәуірінде Философия кафедрасының доценттері Б.А.Джаамбаева, Ә.Н.Бұхаев және Г.З.Абдрасилова Экономика факультетінің Логистика, Есеп және аудит, Маркетология мамандығындағы 2 курс студенттері үшін «Тәні саудың – жаны сау» Салауатты өмір салты жобасы аясында есірткі қолданудың алдын алу тақырыбына кездесу ұйымдастырды. Студенттер Алматы қалалық №1 Наркологиялық Диспансерінің 1-категориялы нарколог-дәрігері Е.А.Хартиядимен кездесіп, маманның «Масайтатын ішімдіктерді, есірткіні қолданудың зиянды салдары және оны болдырмау шаралары» туралы баяндама тыңдады.

  Дәрігер өз баяндамасын презентация арқылы толықтыра, аша түсіп, 21 ғасыр кеселінің мемлекетімізге төнген қауіп екенін түсіндіріп, өз практикасынан бұлтартпас дәлелдер келтірді. Баяндамашы әрбір адамның өз өміріне, күнделікті энергетикалық сусындар, кальян, алькогольді ішімдіктер ішу әрекетіне жауапсыздықпен қарауының салдары туралы статистикалық мәліметтердің графикасын, есірткіге тәуелділердің өсу динамикасын көрсетті.    

  Әңгіме соңында дәрігер-нарколог Е.А.Хартияди студенттердің сұрақтарына жауап беріп, сақтық шараларын ескертті.




  



  

Басылым күні :  04.05.2016