«100 кітап». «Философтардың әдеби клубы». Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» әңгімесі.


   2016 жылдың 27 ақпанында «Философтардың әдеби клубы» «100 кітап» жобасы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің 123 аудиториясында философия кафедрасының 2 курс студенттерімен Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» әңгімесін талқылады. Клуб мүшелері қазақ халқының өмірі мен менталитетін паш еткен, жануардың көзі арқылы адам қатыгездігін көрсеткен шығарманы жоғары қызығушылықпен талқылады.

 Ұйымдастырушылар: философия кафедрасының аға оқытушылары, философия ғылымдарының кандидаты Әсет Құранбек, PhD доктор Шаттық Әлиев, философия магистрі Тайыржан Оразхан, Әл-Фараби орталығының қызметкері, философия магистрі Самат Қайратұлы.


 

Басылым күні :  24.04.2016