«Cалауатты өмір салты» жобасы

   20.04.2016 күні Философия кафедрасының оқытушылары «Cалауатты өмір салты» жобасы аясында тән саулығын насихаттауды жүзеге асыру мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Г.К.Молдабектің қатысуымен тәрбиелік іс-шара өткізді. «Семіздіктің алдын-алу шаралары» тақырыбында дәріс оқылып, дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.

    Ұйымдастырушылар: Сүлейменов П.М., Ә.А. Құранбек, Ш.Ш. Әлиев.

Басылым күні :  22.04.2016