100 кітап. Абай жолы

 

2016 жылдың 15 сәуірінде Философия кафедрасының оқытушылары Г.З.Абдрасиловажәне Т.Барақбаева «100 кітап» жобасы шеңберінде Химия факультетінің екінші курс студенттерінің қатысуымен «Абай жолы» трилогиясын талдады. Студенттерге,философиялық антропология тұрғысынан, адам бойындағы пәктік пен сұлулықтың әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя суреттелетін психологиялық шиеленістері қызықты көрініп, өмірлік маңызы бар сұрақтар мен ойлар туындатты.

Ойшылдың философиялық, саяси-әлеуметтік, діни, эстетикалық көзқарастары анықталып, Абайдың  тұлға ретіндегі портреті сипатталды. Талдау соңында команда мүшелері викторина сұрақтарына жарыса жауап беріп, жүлделі сыйлықтарға ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  19.04.2016