Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" халықаралық конференциясы

      2016 жылдың 12 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ІІІ Фараби оқулары аясында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының «Мәңгілік Ел – қазақстандық бірегейлік негізі», «Қазіргі жастардың руханилық-дүниетанымдық құндылықтары» секцияларының жұмысы қызықты да мазмұнды болды.

      ҚазҰУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері, магистранттары және докторанттары, Алматы қаласындағы №145 мектеп, №1 гимназия және Н.Ә.Назарбаевтың Білім беру Қорының Алматы Халықаралық мектебі оқушылары қазіргі заманның өзекті тақырыптарына арналған 24 баяндама жасап, конференцияға қатысушы жастар мен ұстаздар оларды қызу талқылады.
      Қазылар алқасы «Философия» мамандығының 2 курс студенті Мейрамбекова Айымның, осы мамандықтың 1 курс магистранты Жанықұлов Нұрлыбектің және әл-Фараби атындағы №145 мектептің 10 сынып оқушысы Бәкірова Эльмираның баяндамаларын үздік деп жариялап, дипломдармен және кітаптармен марапаттады. Оқушылардың ұстаздары Ұ.Д.Досаеваға, С.Қыстаубаеваға және Л.Н.Титоваға Философия және саясаттану факультетінің деканы Ә.Р.Масалимованың алғысхаттары тапсырылды.

     

 

Басылым күні :  17.04.2016