"100 кітап". С.Мұқанов. "Өмір мектебі"

Қазақтың белгілі жазушысы С.Мұқановтың мұражай-үйінде философия кафедрасының 1,2-курс студенттері автордың «Өмір мектебі» еңбегін талқылады. Сонымен қатар, студенттер жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы мұражай қызметкерлерінің қызықты дәрістерін тыңдап, C.Мұқановтың өмірде қолданған заттарымен танысты. Шара «100 кітап» жобасы аясында философия кафедрасының оқытушылары Ж.Дағжан мен Т.А.Барақбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Басылым күні :  03.03.2015