Әл-Фараби және қазіргі заман

«Философия» кафедрасы «Al-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасын жүзеге асыру аясында «Әл-Фараби және қазіргі заман» оқу құралын дайындады. Оның тұсаукесері 2014 ж. 24 қазанында ҚазҰУ ғылыми кітапханасының үлкен конференц-залында өтті.

Университет басшылығы оқу құралы авторларының еңбегін жоғары бағалады: К.Х.Таджикова «Әл-Фараби» үлкен күміс медалімен, Хасанов М.Ш.,Нұрышева Г.Ж., Құрманғалиева Г.Қ., Сейтахметова Н.Л., Джаамбаева Б.А., Сырғакбаева А.С. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

ҚұттықтаймызІ Жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Басылым күні :  02.03.2015