"Философия" мамандығы 4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибеден өтуі

 

       "Философия" мамандығының 4 курс студенттері Алматы көлік және коммуникациялар колледжінде  педагогикалық тәжірибелерін табысты өтуде. Олар "Философия", "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзілік тарих", "Құқық негіздері", "Саясаттану", "Қоғам және адам" пәндері бойынша сабақтар жүргізді. Колледж оқытушылары біздің студенттердің жақсы білім деңгейіне, тәртібіне және жауапкершілігіне ризашылығын білдірді.

      Студенттер өткізген ашық сабақтардың бәріне кафедра меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева қатысты. Ол сабақтарға сараптама жасап, студенттерге теориялық және әдістемелік сұрақтар бойынша кеңестер берді.

Басылым күні :  16.02.2016