100 кітап. Ф.Ницше. Біздің білім беру мекемелеріміздің болашағы туралы

 

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы 3.12.2015  «100 кітап» жобасы аясындағы Ф. Ницшенің «Біздің білім беру мекемелеріміздің болашағы туралы» шығармашылық мұрасына арналған мәдени-тәрбиелік шарасын өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ф.ғ.д., профессор Г.Ж. Нұрышева, ф.ғ.д., доцент Еділбаева С.Ж.

Келем деуші барлық студенттер, магистранттар, докторанттар және кафедра қызметкерлері шақырылды.

Шығармашылық аяда өткізілген талқылауда философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева кіріспе сөз сөйледі

Ол кітап оқудың үлкен рөлін атап өтіп, "философтардың шығармаларын оқып отырып, біз олардың идеяларын қамтимыз, жаңа нәрселерді үйренеміз, дүниетанымды кеңейтіп және сөздік қорын байытуға болады" деді.

Аса ғұлама философтың өмірі мен шығармашылығы туралы 2-курс студенттері Кайрат Т., Лим А.С., және Абирбек С. баяндады.

Фридрих Ницшенің «Біздің білім беру мекемелеріміздің болашағы туралы» шығармасындағы негізгі танымдық идеяларды туралы Красикова В., Абдуманапова Д, Пак Р., Кабдыкенов Р. Т., Данилин Н., Русакова В. және тағы басқа студенттер талқылады.  Ницше нақты білім беру классикалық әдебиет, антикалық философия және ежелгі грек өнер арқылы мүмкін деп санайды.

Талқылауға журналистика факультетінің студенттері белсенді қатысты.

Еділбаева С.Ж. талқылау қорытындысын  жасады. Ол студенттерге жақсы тілектер айтып, болашақ журналистерге классикалық философияны оқу туралы кеңес берді. 

 

 

Басылым күні :  20.12.2015