Айналаңды нұрландыр! Философия факультетінің түлегі Ш.Ә.Әбдірайымовтың кітаптарының тұсаукесері

 

2015 жылдың 12 желтоқсанында философия кафедрасы "Айналаңды нұрландыр!" жобасы аясында ҚазҰУ Философия факультетінің алғашқы түлектерінің бірі, философия ғылымдарының кандидаты Ш.Ә.Әбдірайымовтың "Абайдың жұмбақ әлемі" 3-томдық еңбегінің тұсаукесерін өткізді. 

Тұсаукесерге кафедраның, ҚР БҒМ Философия, саяасттану және дінтану Институтының, Алматы жоғары оқу орындарының философ ғалымдары, астаналық ғалымдар, Ш.Ә.Әбдірайымовтың балалары мен туысқандары және "Философия" мамандығының студенттері қатысты.

Ғалымның шығармашылығы және оның қазіргі замандағы өзектілігі туралы баяндамалар жасалып, мазмұнды талқылау өтті.

Ұйымдастырушылар: Нұрышева Г.Ж., Әмірқұлова Ж.А., Рамазанова А.Х., Асқар Л.Ә., Аташ Б.М., Құранбек А.А., Қонаева Г.М.

 

 

 

 

Басылым күні :  16.12.2015