Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

 

2015 жылдың 8 желтоқсанында философия кафедрасының ұжымы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылады. Профессорлар М.Ш.Хасанов пен Ж.А.Алтаев өз баяндамаларында Жолдаудың негізгі бағыты – әлемдегі және елдегі экономикалық жағдайды сараптап, профессор Ж.Ж.Молдабеков Жолдаудың басты ұғымдары мен категорияларын талдады. Философия ғылымдарының кандидаты Ә.Құранбек Жолдауда қазақ халқының ұлттық құндылықтарының көрініс табуына назар аударды.

Барлық баяндамалар үлкен ықыласпен тыңдалды. Кафедра меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, доценттер Л.Ә.Асқар, Б.М.Аташ және тағы басқа оқытушылар Президенттің жылдың негізгі құжатында баяндалған бастамаларын қолдайтындықтарын білдірді. Жолдауды талқылаудың қорытындысы бойынша оның идеяларын студенттер мен еліміздің  жұртшылығының  арасында  түсіндірудің  жоспары  жасалды. 

 

 

Басылым күні :  08.12.2015