Елбасы білім алған Үшқоңыр орта мектебінде

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында, 2015 жылдың 27 қарашасында философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра меңгерушісінің орныбасарлары Ж.А.Әмірқұлова, А.Х.Рамазанова және "Философия" мамандығының магистранттары Елбасы 1 сыныптан 8-сыныпқа дейін білім алған Үшқоңыр орта мектебінде болды. Олар Президенттің музейімен және Елбасының оқушылық өмірі туралы асқан шабытпен баяндап берген мектеп басшылығымен танысты. 

Басылым күні :  29.11.2015