100 кітап. "Қорқыт".

2015 жылдың 13 қарашасында «100 кітап» бағдарламасы аясында «Философия» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Қорқыт ата. Қорқыттың нақыл сөздері» тақырыбында іс-шара өткізілді. Осы мамандықтың 2 курс магистранты Ежембекова Сымбат Қорқыт атаға байланысты аңыздарға, «Қорқыт ата кітабына», Қорқытты зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне ерекше назар аударып, ғылыми баяндама жасады. Қорқыт атаның нақыл сөздері жазылған парақшаларды және Қорқыт атаның қобызының суреттерін көрнекі құрал ретінде пайдаланып, рухани сабақтастықтың мәдени мұраларда көрініс табу мысалдарына назар аударды. Жиын студенттермен сұрақ-жауап, өзара сұхбаттасу деңгейінде танымдық, тәрбиелік мазмұнда өтті.

Ұйымдастырушылар: кафедра доценттері Аташ Б.М., Рамазанова А.Х., Әмірқұлова Ж. А., магистрант Ежембекова С.Б.

 

Басылым күні :  24.11.2015