Дүниежүзілік Философия күні!

2015 жылдың 19 қарашасында кафедра жас ғалымдарының Дүниежүзілік философия күніне арналған  "Философия - таңдау және мамандық" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияға отандық философияның негізін салушыларының бірі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә.Әбішев, АҚШ Техас университетінің профессоры Марк Вебб, Б.Ельцин атындағы Урал Федералдық университетінің профессорлары А.В.Перцев, Е.С.Черепанова, Е.В.Сатыбалдина, факультет деканы А.Р.Масалимова, кафедра меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра профессорлары М.Ш.Хасанов, Ж.Ж.Молдабеков қатысып, жас ғалымдарды мерекемен құттықтады. 

Кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары философияның өзекті мәселелеріне арналған тақырыптарға үш тілде мазмұнды баяндамалар жасады. Олардың туындылары ғылыми жинақ түрінде басылып шықты.

 

 

Басылым күні :  22.11.2015