100 кітап. Диуани Хикмет.

2015 ж. 11 қарашада "Философия" мамандығының 2-курс студенттері "100 кітап" бағдарламасы аясында Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани Хикметін» талқылады. Іс-шара барысында 2 курс магистранты Мейірманов А.Д. Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» шығармасының танымдық қырлары мен тағылымдық мәнін талдайтын ғылыми баяндама жасады. Қ.А.Йасауи кесенесіндегі мәдени жәдігерлердің суреттерін көрнекі құрал ретінде пайдаланып, рухани сабақтастықтың мәдени мұраларда көрініс табу мысалдарына назар аударды. Жиын студенттермен сұрақ-жауап, өзара сұхбаттасу деңгейінде танымдық, тәрбиелік мазмұнда өтті.

Ұйымдастырушылар: педагогикалық тағылымдама жетекшісі, кафедра меңгерушісі Нұрышева Г.Ж., кафедра меңгерушісінің орынбасары Әмірқұлова Ж.А., аға эдвайзер Барақбаева Т.А., магистрант Мейірманов А.Д.  

 

Басылым күні :  22.11.2015