Академиялық ұтқырлық. Ақылбеков Мәди Чехияның Палацкий университетінде

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чехияның Палацкий университетінде оқып жатқан "Философия" мамандығының 4-курс студенті Ақылбеков Мәди 2015 жылдың 3 қарашасында университет профессорлары мен студенттерін, шетелдік қонақтарын Қазақстанмен таныстырды.  Отанымыз жайлы көп білмейтін оларға, Қазақстанды жаңа, өзге бір қырдан тану өте қызықты болды. Әсем қала Алматы және ұлт мақтанышы  Астанамен таныстырып,  екі қаланың ең көрікті жерлерін көрсетілді, кішігірім тарихы баяндалды.  Қазақстанның ең сұлу да көркем жерлері, ұлы тұлғалары фотобейне арқылы таныстырылды.

Ресми бөлімнен кейін барлық қонақтар ұлттық тағамдарға толы дастархандағы бауырсақ пен шелпектен, наурыз көжеден, тәттілерден дәм татып, риза болды. Шетелдіктердің «сендерді осындай ел деп ойламадық» - деген сөздері Мәди мен оның достары үшін ең ыстық сөздер болды

 

.


 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  10.11.2015