"100 кітап". Джек Лондон

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы 30.10.2015 ж. ФЖСФ 125-аудиториясында сағат 13.20-да «100 кітап» жобасы аясындағы Джек Лондонның «Тектік сарын» шығармашылық мұрасына арналған мәдени-тәрбиелік шарасын өткізді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ф.ғ.д., профессор Г.Ж. Нұрышева,
ф.ғ.д., доцент Едильбаева С.Ж., ф.ғ.к., аға оқытушы Нигметова А.Т.
Келем деуші барлық студенттер, магистранттар, докторанттар және кафедра қызметкерлері шақырылды.
Шығармашылық аяда өткізілген талқылауда сөз сөйлегендер:
Кіріспе сөз философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева
Аса ғұлама жазушы Джек Лондонның өмірі мен шығармашылығы туралы 2-курс студенттері Мейрамбекова Айым және Спатай Назерке.
Джек Лондонның «Тектік сарын» шығармасындағы негізгі танымдық идеялар туралы 2-курс студенттері Қалыпбекова Алима, Жамауова Медина и Бекманова Айжан баяндады
Талқылауға география факультетінің студенттері белсенді қатысты.
 Ф.ғ.д., доцент Еділбаева С.Ж.студенттерге жақсы тілектерін айтып, қазіргі заманғы әдебиет классиктерінің көбірек оқу туралы кеңес берді.
Талқылау қорытындысын аға оқытушы Нығметова A.T. жасады.
Ең үздік баяндама жасаған 2-курс студенттері Мейрамбекова Айым және Спатай Назеркеге Джек Лондонның естелік кітабы табысталды.

 

 

 

Басылым күні :  03.11.2015