Ақ жол, болашақ философтар!

"Философия" мамандығы студенттерінің қатары биыл республика мектептерінің озат түлектерімен толықты. Болашақ философтармен кафедра меңгерушісі Нұрышева Г.Ж., кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Әмірқұлова Ж.А. (топ эдвайзері), Рамазанова Ә.Х. кездесіп, ақ жол тіледі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының бүгіні мен ертеңі туралы әңгімелеп берді.

Болашақ философтарға кафедра профессорлары көшбасшылық дәрістер оқыды.

Еліміздің ең үздік оқу орнының студенттері атанған жастардың болашағынан мол үміт күтеміз!

 

Басылым күні :  29.09.2015