Қоғамдық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері

2015 жылдың 20 сәуірінен 6 мамырына дейін философия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті арттыру Институтымен бірге жұмыс берушілер - Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің оқытушыларына арнап 72 сағат көлемінде "Қоғамдық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері" сертификатталған курсын өткізді. 

Кафедра оқытушыларының қызықты да тартымды өткізген дәрістеріне белсене қатысқан колледж оқытушылары Институт директоры Б.А. Шайкенов Б.А. пен кафедра меңгерушісі Г.Ж.Нұрышеваға алғыстарын білдірді. Курсқа қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Институт пен кафедра  ынтымақтастық туралы келісім қабылдады.

 

Басылым күні :  09.05.2015