Кіші Фараби академиясы. Айналаңды нұрландыр! Бабалар аманаты

2015 ж. 29 сәуір күні "Айналаңды нұрландыр!" жобасының аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы (ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Акт залында) ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Кіші Фараби академиясы және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен концерт берді.

«Бабалар аманаты» атты ән-жыр шашуы кеші арқылы отансүйгіштік қасиет дарытатын, тәрбиелік мәні терең ұлттық рухани мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларымызды дәріптеу, насихаттау және, әрине, жақсы көңіл күй сыйлау көзделеді. Өнерпаздар бабалардан жеткен ең таңдаулы толғау жырларды, әсем ән мен күмбірлеген күйлерді орындады. Дарынды жастарымыздың репертуарында қазақтың әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындылары орындалды.

Басылым күні :  04.05.2015