Айналаңды нұрландыр! Факультетаралық конкурс

2015 жылдың 28 сәуірде сағат 17.00 те «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша «Жүзден жүйрік» атты тақырыпта философиядан студенттердің факультетаралық шығармашылық сайысы өтті. Бұл сайысқа физика техникалық факультетінің «Элеат», «Философия сақшылары» және химия факультетінің «Эликсир», «Феррум» атты командалары қатысты. Бұл сайыс 4 турдан тұрды.

1 тур – Таныстыру

2 тур- Сұрақ-жауап сайысы               

3 тур- Философияның даму кезеңдерінен Көрініс

4 тур – Өнер.

Сайыстың мақсаты: студенттерді білімді, жан-жақты болуға, жарыса білуге үйрету, жеңімпаз, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Әділ қазылар қатарында кафедра оқытушылары және ҚазҰУ Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Санат Әуелтай болды.

Ұйымдастырушылар: Философия кафедрасының оқытушылары: Рамазанова А.Х., Сарымсақов А.М., Құранбек Ә.А., Қазиева Ж.Н.             

 

Басылым күні :  30.04.2015