"100 кітап". Эрнест Хэмингуэй. "Шал мен теңіз".

 2015 жылы 27 сәуірде Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж. Нұрышева, кафедра доценттері А.Х. Рамазанова, Ж.А. Әмірқұлова және 1 курс магистранты Елубаев Байнұрдың ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасының аясында Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» атты кітабын талқылауға байланысты іс-шара өтті.

Талқылау барысында слайдтар мен баяндамалар оқылып, 2000 жылы Оскар сыйлығана ие болған А.Петровтың «Шал мен теңіз» атты қысқаметражды анимациялық фильмі қатысушыларға ұсынылды. Повесть шара барысында қызу талқыланып, кафедра ұстаздары мен «Философия» мамандығының 2 курс студенттері еңбектің философиялық астарларын ашуға тырысты.

Басылым күні :  30.04.2015