« Кіші Фараби Ашаршылық«

Айтуға да, естуге де ауыр нәубет – ашаршылық туралы. «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен «Ашаршылық анатомиясы: саясат пен шындық» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференция барысында танымал тарихшы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі – Талас Омарбеков, ҚР-дағы жаппай қуғын сүргінге ұшырағандарды толық ақтау комиссиясының мүшесі, қоғам қайраткері – Жұмабек Ашуұлы, филос.ғ.д., Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ профессоры – Раев Д.С., ҚазҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы – Әбдіраимов Ә.Б., ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. – Құранбек Ә.А. баяндамалары тыңдалып, қазақ жеріндегі бір емес бірнеше рет болған ашаршылық себептері мен салдары, жүргізілген зерттеулер, баяндамашылар мен қонақтардың естеліктері айтылды. Конференция қатысушылары осындай естеліктерді жинап, бір жинақ ретінде шығару қажеттілігі туралы ойға келді.

     Мұндай қасіретті тарихты, ашаршылық құрбандарын еске алып отыру бүгінгі ұрпақтың әруақтар алдындағы борышы! Егер осы зұлмат болмағанда, қазақ елінің саны бүгінде 30 миллион болуы тиіс екен.

Басылым күні :  25.05.2021