"Тәуелсіздік философиясы"

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіздік философиясы: қырлары мен сырлары» атты республикалық конференцияны философия кафедрасының «Кіші Фараби» академиясы ұйымдастырды. Аталған конференцияда филос.ғ.д., І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры – Аманжол Қасабек, филос.ғ.д., М.Оспанов атындағы БҚМУ профессоры – Алтай Тайжанов, филос.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері – Мұрат Сәбит, филос.ғ.д., М. Тынышбаев атындағы ҚазККА профессоры – Серік Мырзалы, филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры – Тұрсын Ғабитов, филос.ғ.д., ҚР ҒБМ ҒК Философия және саясаттану институтының бас ғылыми қызметкері – Серік Нұрмұратов, саясаттану докторы (PhD), Тұран университеті халықаралық қатынастар және аймақтану кафедрасының меңгерушісі – Жеңісбек Төлен, филос.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының меңгерушісі – Әсет Құранбек, кафедраның құрметті оқытушылары – филос.ғ.д., професссор Раев С.Д., филос.ғ.д., профессор Нұрышева Г.Ж., филос.ғ.д., профессор Телебаев Ғ. баяндамалары тыңдалды. Қазақ философиясының негізін салушылардың бірегейі, филос.ғ.д, профессор Аманжол Қасабек мырза тәуелсіздік пен ұлттық философия туралы, профессор Тайжанов А.Т. тәуелсіздік және оның философиясы, білім жүйесі, конституция мен жер мәселелері, тәуелсіздік пен жаһандану туралы сөз қозғады, филос.ғ.д., профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Сәбитұлы өскелең ұрпақ тәрбиесі тәуелсіздіктің кепілі деп, тәрбиенің басы – қазақтың өз тілінен, дәстүрлі қазақ мәдениетінен, билер, жыраулардан бастау алатынын, оны қайта жаңғырту керектігін,  компаративистикалық зерттеуді қажет ететінін айтты. Одан әрі тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымы туралы филос.ғ.д., профессор Серік Мырзалы, Тұрсын Хафизұлы, Серік Есентайұлы, Жеңісбек Төлен, н Әсет Абайұлы мырзалар ойларын ортаға салды. Баяндамалар барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қызу талқыланды. Шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университет студенттері және өзге де оқу орындарынан қонақтар қатысты.

Басылым күні :  25.05.2021