"Қазақтың ақиық ақыны - М. Мақатаев"

Биыл Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығы. Философия кафедрасы, «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен М. Мақатаевтың  90-жылдығына арналған «Қазақтың ақиық ақыны – Мұқағали Мақатаев» атты республикалық конференция өтті. Іс-шараға ҚР Мәжіліс депутаты, белгілі қоғам қайраткері, ақын – Қазыбек Иса, ақын, халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты – Нұрлан Әбдібеков, ҚР Көркем Академиясы академигі, киноактер, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Шаяхмет Имашұлы, этнограф, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Мақмұт Құлментегі, «Ақиқат» журналы Бас редакторының орынбасары, публицист – Дина Иманбаева, кафедра оқытушылары және студенттер қатысты. Қонақтардың мағыналы баяндамалары тыңдалып, ақынның өзінің   және оған арналған өлеңдер оқылды, ақын өмірінің беймәлім тұстары мен поэзиясының құдіреті туралы сөз болды.

Басылым күні :  25.05.2021