ҚАЗҰУ-ДА «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды.

Байқаудың бас жүлдесін химия және химиялық технология факультеті жеңіп алды. Факультеттің өнерлі студенттері «Наурыз» мейрамының қазақ халқының тарихи оқиғаларына орай өрбуін актерлік шеберлік, би, вокальдық, аспапта орындаушылық өнерлерін үйлестіре отырып шебер жеткізе білді.

  

Басылым күні :  30.03.2021