БЗХТ мамандығының магистранттары мен жұмыс берушілер арасындағы кездесу

2020 жылдың 3 ақпанында БЗХТ мамандығының магистранттарының эдвайзері Мусабекова А. А. және кафедра ұжымы келесі жұмыс беруші кәсіпорын өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды: «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС, «Саяжай-Бастау» СПК, «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ», «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Интертехсервис-ИТС» ЖШС , «АзияАгроФуд» АҚ, «ДДЭК», «PurePack» ЖШС, «ТемірЖолСу-Актобе» ЖШС, «Potential oil» ЖШС, «Т-Helper» ЖШС, «Center Expert group» ЖШС, "Atyrau Refinery" ЖШС.

Өндіріс өкілдері кәсіпорын қызметінің негізгі сәттері, Еңбек және тұрмыс жағдайлары, әлеуметтік қолдау және қызметкерлердің кәсіби мансабы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Аудитория талқылауға белсенді қатысып, түлектер өндірістерге талқылау тақырыбы бойынша сұрақтар қойды. Бірнеше студент ұсынылған кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға қызығушылық танытты.

Басылым күні :  12.03.2020