Ұлттық университетіміздің оқытушыларының халықаралық деңгейде семинар жүргізуі біздің ЖОО үшін ерекше мәртебе!

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты А.О.Адильбекова Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаның Торун қаласындағы Николай Коперник университетінде 18.03.2019 ж. мен 23.03.2019 ж. уақыт аралығында тәжірибе алмасудан өтті. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының басқа халықаралық университеттері арасында ғылыми және халықаралық байланыстарын бекітуге, тәжірибе алмасысуға үлкен септігін тигізеді.  Мысал ретіндеакадемиялық ұтқырлық аясында Адильбекова А.О. Николай Коперник университетінің физикалық химия және полимерлер физика-химиясы кафедрасының қызметкерлері мен оқытушыларына  «Мұнай эмульсиялары. Сусыздандыру әдістері» тағырыбында семинар жүргізді. Әрине осындай халықаралық деңгейге біздің университетіміздің жетіп отырғаны ерекше мәртебе.



Басылым күні :  10.05.2019