Кураторлар-эдвайзерлер тренингі

2019 жылдың 10 қаңтарында Тәрбие жұмысы департаментінің қолдауымен кураторлар-эдвайзерлер мектебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінде қысқы семинар өткізді (Ауди 120, 122, 126). Кураторлар-эдвайзерлер мектебінің негізгі тақырыптары:

- шығармашылық әдістермен студенттердің стресстік толеранттылығын дамыту;

- жанжалдардағы мінез-құлық калькуляторы;

- топтағы қатынасты анықтаудағы социометрлік әдістер. .

Семинарды тәжірибелі әдіскерлер Мынбаева А.К , Садуақасова З.М., Толешова У.Б. өткізді

Тренингке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтерінің технологиясы кафедрасының куратор-эдвайзерлері қатысты. Әділбекова А.О., Тюсюпова А.О., Исмаилова А.Г., Галеева А.К., Артыкова Д.М.-К.

Басылым күні :  24.04.2019