Халықаралық инновациялық форум

   

Біздің ұстазымыз Артықова Дана Мықты-Керейқызы Алматыда өткен халықаралық инновациялық форумға қатысты. Форумға ТМД елдерінің үкімет басшылары да қатысты: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Бақытжан Сағынтаев, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Сергей Румас, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі - Мұхаммедкалый Әбілғазиев, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі - Дмитрий Медведев, Армения Республикасының вице-премьері - Мгер Григорян, БҰҰ-ның цифрлы үкіметінің басшысы - Винченцо Акуаро.

Негізгі спикерлер ірі компаниялардың басшылары болды. (Zero One Booster, TechNation, IT Astana Startups Халықаралық Технопаркі, ePASS.ru LLC, «Қазақтелеком» АҚ, Үлкен инновациялық орталығы, «Сколково» және басқалар). Форумда жастардың инновациялық идеяларын және стартап компаниялары арқылы еңгізу тақырыптары талқыланды. Айта кетсек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да технопарк және басқа да ғылыми бөлімдер бар, онда ғалымдар және дарынды студенттер бірге жұмыс жасап өздерінің армандарын жүзеге асырады. Және сіздер үшін, ҚазҰУ студенттері, Химия және химия технологиясының факультеті, бүгін есігін айқара ашты. Ал біз әрқашан кафедрада сізді көруге қуаныштымыз.

Басылым күні :  24.04.2019