Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының маманы Сейтжапарова А.Б. Ең үздік маман - 2018 байқауының үздік маманы атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының маманы Сейтжапарова Алия Бақытқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Ең үздік маман - 2018» байқауының үздік маманы атанды. Сейтжапарова Алия Бақытқызы біздің кафедрамыздың белді және жұмыс өтілі көп маман болып табылады. Кафедраға сіңген еңбегі мол, студенттермен тез тіл табысатын, нағыз көмекшіл тұлға. Кафедра ұжымы А.Б.Сейтжапарованы жеңіп алған «Ең үздік маман - 2018» титулымен құттықтайды!

 

Басылым күні :  09.01.2019