«Келун-КазФарм» ЖШС базасындағы өндірістік тәжірибе

Химия және химиялық технология факультетінің «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «6В07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (орыс, қазақ топтары) және «6В07202 – Азық-түлік химиясы және технологиясы (НКУ)» білім беру бағдарламалары бойынша студенттері О.А. Есимованың және Тәттібаева Ж.А. жетекшілігімен «Келун-КазФарм» ЖШС базасында өндірістік тәжірибеден өтеді. Бірінші күні барлық өндірістік қауіпсіздік ережелері айтылып, зертханалық және өндірістік цехтар таныстырылды. Сапаны бақылау бөлімінде физикалық-химиялық әдістер мен сынама алу әдістерінің заманауи құралдары көрсетілді. Басты мамандардың көпшілігі біздің факультеттің түлектері екендігі аса қуантты. Студенттердің өндірістік тәжірибесі «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» тұрақты даму мақсатына қол жеткізу аясында ұйымдастырылады.


Басылым күні :  31.05.2023