ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯДАҒЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР» атты 2-ші Жазғы мектеп, 28 мамыр - 8 маусым, 2018 жыл АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН
БІРІНШІ ХАБАРЛАМА
2017 жылы Назарбаев Университетінде 1-ші Жазғы мектеп табысты өткізілгендіктен, «Ғылым және технологиядағы математикалық әдістер» атты 2-ші Жазғы мектепті 2018 жылдың 28 мамыр - 8 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Механика-математика факультеті мен Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебі ұйымдастырады. Бұл мектепте қазақстандық және шетелдік профессорлар ҚазҰУ, НУ және басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарынан таңдалған 40-50 қазақстандық студенттерге, магистранттарға жас ғалымдарға (3-ші және 4-ші курс бакалаврларына) ғылым мен технологиядағы математиканың іргелі қолданулары туралы кіріспе дәрістерді ұсынады.
ҒЫЛЫМИ-ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Төраға (ҚазҰУ): Дәурен Жакебаев, Ph.D доктор; Жанат Жүнісова, профессор.
Төрағаның орынбасары (НУ): Анастасиос Бунтис, профессор.
Төрағаның орынбасарлары (ҚазҰУ, профессорлар): Алматбек Қыдырбекұлы, Мақтағали Бектемесов, Мұратхан Дауылбаев, Уалишер Түкеев.
ӨТІНІМ






