Іскерлік әңгіме барысында «Галактика» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы Орталық кеңсесінің Бас директоры Нұржан Тойшымен кездесу

         2017 жылдың 18 сәуірінде сағат 14.30-да Механика-математика факультетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті, э.ғ.д.   Қ.С. Байшоланова мен аға оқытушы Б.Қ. Әбеновтардың ұйымдастыруларымен 309 аудиторияда 309 аудиторияда «Қазіргі заманғы табысты IT-мансабының құпиялары» тақырыбында   IT-саласындағы жұмыс берушімен іскерлік әңгіме өткізілді.       

         Іскерлік әңгіме барысында «Галактика» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы Орталық кеңсесінің Бас директоры Нұржан Тойшымен кездесуге Ақпараттық жүйелер, Автоматтандыру және басқару мамандықтарында білім алатын студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты. Кездесуде Нұржан Тойшымен мына сұрақтар бойынша қызықты лекция оқылды:

  • ·        ERP-жүйелері.
  • ·        Компанияны автоматтандыру.
  • ·        Саланың перспективасы.

Сонымен қатар әңгіме үстінде Тойшы өзінің Тойшы әдісімен жазылған «Учебник английского языка» оқулығымен таныстырды.

Сегіз қырлы бір сырлы автордың өзі жасаған электрондық домбрасы негізінде құрылған және өзі продюсер болып жүрген ALDASPAN электрондық домбра тобының альбомдық жинақтары осы іскерлік әңгімеде белсенділік танытып, өз білімдерін көрсеткен 4 студентке: Б.Тіллабайға, Д. Сәндібайға, Т. Бақтығалиеваға және Е. Жексенбаевқа сыйлық ретінде берілді. Бұдан басқа автор осы «Галактика» корпорациясының демонстрациялық материалдары мен логотипі бар блокнот, қаламсаптарын сыйлады.


Басылым күні :  25.04.2017