Студенттік медициналық пункті
Студенттік медициналық пункт
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң студенттік медициналық пункті 1976 жылы студенттерге медициналық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Медициналық пункт өз қызметін студенттік емхананың бас дәрігері бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырады.
Медпункт келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- алдын-ала емдеу екпелерін жүргізу;
- бұрынғы инфекциялық аурулары бар студенттердің денсаулығын қадағалау;
- жұмыс кестесіне сай амбулаторлық қабылдауды жүргізу;
- жарақат алуда алдын-ала емдеу;
- денсаулық басқарма ұйымдарының нұсқаулық және бұйрықтарына сәйкес алдын-ала медициналық тексеру мен диспансеризациялық дайындық шараларын ұйымдастыру.
Медпункте келесідей кеңес беруші мамандар қызмет етеді:
- Стомотолог.
- Психолог.
- Гинеколог.
- Терапевт.
Аталмыш қызметтер жиынтығы ҚазҰУ-ның студенттеріне шұғыл медициналық көмек көрсету барысында тегін көрсетіледі.
Медпункттың жұмыс кестесі:
Медпункт күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (сенбі және жексенбі күндерін қоспағанда).
Байланыс телефоны: 221-13-00