Қазақстанның көне және ортағасырлық археологиясы мұражайы
Қазақстанның көне және ортағасырлық археология мұражайы 1983 жылы ашылған. Мұражай экспозициясы үш бөлімнен тұрады, онда кафедра ұстаздарының ғылыми зерттеулері барысында табылған қола дәуірінің, ерте темір ғасырының және орта ғасырлардың археологиялық материалдары жинақталған. Мұражайдың орта ғасырлар тарихы бөліміне ерекше құнды және сирек ұшырайтын бағалы дүние қойылған. Ақтөбе қаласынан табылған бұл дүние шамамен V-VII ғасырларға тиесілі және орта ғасырлар ескерткіштерінің озық үлгісі болып табылады. Ғалым-археологтардың қалашық аумағынан тапқан қыштың тамаша үлгілері – ыдыстар, құмандар (су, дәндерді сақтауға арналған), түрлі түсті қыштар, ортағасырлық су құбырларының сазды құбырлары қаланың көне заманнан орта ғасырларға дейінгі дамуының негізгі кезеңдерінің нағыз айғағы іспеттес. Демек, студенттерді оқыту кезінде түпнұсқалар экспозицияға маңызы зор көрнекі материал ретінде ерекше құндылық береді.