Қазақстанның палеолит мұражайы
Қазақстанның палеолит мұражайы 2000 жылы ашылған. Мұражайдың топтамалық ғылыми қоры 600 мыңнан астам артефактіден тұратын палеолит және неолит дәуірлеріндегі тастан жасалған құрал-саймандардың жинағынан құралған. Материалдар хронологиялық тізбек бойынша орналасқан. Ол адам эволюциясы, кейінгі палеолит, Мустье дәуірі, төменгі палеолит секілді 5 бөлімнен және мезолит, неолит және энеолиттен тұрады.